KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қабылдау комиссиясының жауапты мамандары мен профессор-оқытушылары Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Атап айтқанда, KazNARU «Агробиология» факультетінің деканы Абилдаев Е.С. және кафедра меңгерушілері Жанбырбаев Е.А., Есеналиева М.Д, Бакенова Ж.Б. Алматы облысы Талғар ауданы «Жаңалық» ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі мен Жалғамыс ауылындағы №15 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, жас өрендерге университтет туралы барлық ақпараттар берілді.
«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Мереке Тоқаева және «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.м., Қайырбек Умбетжанов Талғар қаласындағы «Талғар агробизнес және менеджмент» колледжінде болып қайтты. Кездесуде техникалық және кәсіптік білім беру ерекшеліктері, білім алушылардың кәсіби шеберліктерін дамыту, ветеринария саласындағы мәселелерге инновациялық шешімдер қабылдауға ұсыныс жасау, тәжірибе алмасу, тарату сияқты білім беру бағдарламалары түсіндірілді.
«Инженерлік технологиялар» факультетінің профессор-оқытушылары – «И.В.Сахаров атындағы көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Жетпейсов М.Т., аға оқыткшы Курбаналиев Б.Б. Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Алматы технология және флористика колледжі» КМҚК базасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп қайтты.
Кәсіптік бағдар беру – бүгінгі қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір мектеп бітірушінің бойындағы қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бір кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу үшін атқарылатын мақсатты жұмыс. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруға мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілері, ата-аналар белсенділікпен қатысты. Кездесулер жалғасуда.
KazNARU Баспасөз қызметі