KazNARU

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БАСЫМДЫҚТАР МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕР

🔹2024 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер» атты Халықаралық форум өтті. Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.

🔹Халықаралық форумның мақсаты – Қазақстанның 2027–2030 жылдарға арналған ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындау және Академия жүргізген форсайт-зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру.

🔹Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, Ресей Ғылым академиясы (РҒА) Президенті орынбасарының басшылығымен РҒА делегациясы, Оңтүстік Кореяның жетекші ғалымдары, соның ішінде KISTI институтының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, ірі қазақстандық және халықаралық технологиялық ұйымдардың, бизнес пен өнеркәсіптің өкілдері, стейкхолдерлер, жетекші шетелдік және отандық ғалымдар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник