KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ

✅ 2025 жылдың 19 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агробиология» факультетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Жаңбырбаев Елдос Алмабекұлы мен «Топырақтану, аргохимия және экология» кафедрасының аға оқытушысы Жаманғараева Айгүл Нұрданқызы Алматы облысы Жамбыл ауданының орта мектептерінде болып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, олар Самсы ауылындағы Т.Сарсенбеков атындағы орта мектеп, Сарыбастау ауылындағы «Сарыбастау» орта мектебі, Үңгіртас ауылындағы «Үңгіртас» орта мектебі, Көкқайнар ауылындағы «Көкқайнар» орта мектебі және Үлгілі ауылындағы «Үлгілі» орта мектебінің оқытушылары мен жоғары сынып білім алушыларымен кездесті.

✅ Топ мүшелері отандық аграрлық саланың жетекші оқу орны саналатын университеттегі білім беру, ғылым және өндірісті интеграциялау бойынша жүргізілген жүйелі жетістіктерге тоқталып, арнайы білім беру бағдарламаларын таныстырды және буклеттер таратты.

✅ Еліміз үшін аграрлық салада аграном, селекция және биотехнология, топырақтану, аргохимия және экология мамандарының жетіспейтіні, KazNARU-дың есігі ауыл балалары үшін жоғары білім алуға ашық екені айтылды.

✅ Оқу ордасында блім алушылар үшін қалаған мамандықтарына сәйкес, оқуларына барлық жағдай жасалынған. Жайлы жатақханалар, заманауи аудиториялар, теория мен тәжірибені ұштастыруға қолайлы ғылыми-зерттеу орталықтары, кітапханалар, мәдени және спорт залдары жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік береді.

✅ Кездесу барысында мектеп оқушылары университетке деген қызығушылықтарын білдіріп, QR арқылы қойылған сауалнамаға жауап беруге белсене қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник