KazNARU БАЗАСЫНДА «ДЕМО КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ
2025 жылдың 20 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында жаңа байқау Демо күні (Demo day Hult Prize) аталып өтті.
Жасыл және тұрақты даму институты ұйымдастырған бұл іс-шара – экономикалық және әлеуметтік сала студенттерінің осы атаулы күннің маңыздылығын түсіну және оның ерекшелігінен хабардар ету мақсатында өткізілді (Алматыдағы ҚБТУ, ҚазҰУ, ҚАУ, UIB, Тұран, KazNARU және т.б. университеттердің студенттері қатысты).
МВА /EMBA бағдарламаларының үйлестірушісі, KazNARU халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Рафис Абазов осындай халықаралық деңгейде және өңірлерде өткізілетін іс-шаралар қоғамдағы мәселені мәселені талқылап қана қоймай, көпшілік алдында қорғауға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар, жаңа достар мен пікірлестерді табуға ықпал ететінін атап өтті.
«Demo Day – бұл стартаптардың негізін қалаушылар мен олардың командаларының қажырлы еңбек еткен күндердің, апталардың, айлардың, тіпті жылдардың шарықтау шегін білдіретін жыл сайынғы идеялар байқауы. Онда өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарына қолжетімділік, энергетика және білім, басқа да мәселелер аясындағы стартаптар қамтылады. Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға Бертиль Халть атындағы «Студенттерге арналған Нобель сыйлығы» беріледі», - деді Рафис Абазов.
Іс-шараның тұсаукесеріне Hult Prize жобасының Аймақтық Орталық және Оңтүстік Азия бойынша үйлестірушісі Суприя Джангре ханым (онлайн), Қазақстан бойынша Hult Prize үйлестірушісі Нельсон Изах, Efes Kazakhstan өкілі Жанна Абзалтынова, Тұран университеттің коммерцияландыру орталығының директоры және Қазақстандағы инкубаторлар мен акселераторлар қауымдастығының негізін қалаушы Ерболат Оразбекұлы, ҚБТУ бизнес-инкубатордың директоры Владимир Попов, «United logistics services» ЖШС басшысы Зкаил Семембаев, кәсіпкер, Pieper брендінің негізін қалаушы Бексұлтан Оразбеков және тәлімгер, ҚБТУ қызметкері Екатерина Новоселова, KazNARU Жасыл және тұрақты даму институтының жетекші маманы Майя Сүйіншалиева т.б. спикерлер қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Студенттер Comfortable Ride, Alsort, Soile AI, OrtaTap, «Бөтелкелерді сұрыптау», «Тас ыдыстар» аталарын жобаларын таныстырды. Бұл стартаптардың деректері қазылар алқасының қатысуымен бірінші іріктеу байқауы өтіп, келесі этапқа жіберілді. Нағыз білім жарысының соңында максималды ұпай жинаған жеңімпаздар анықталды.
Hult Prize бағдарламасы аясында алғаш рет өткізілген бұл өңірлік жарыс – болашақта болатын Демо күннің ірі байқауларына жол ашады, стартап бағыттар мен халықаралық рейтингтерге қатысуға мүмкіндік береді.
Халықаралық деңгейде білікті тәуелсіз сарапшылар студенттер ұсынған жобаларды бағалай отырып, жеңімпаз үміткерге қаржылай сыйлықпен және әлемнің кез-келген еліне саяхат жасауға жолдамамен марапаттайды.
KazNARU Баспасөз қызметі