KazNARU СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЗАУЫТТАҒЫ КӨШПЕЛІ ОҚУ ЭКСКУРСИЯСЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Энергетика және электр техникасы» кафедрасының 1 курс ЭО-24-09к және ЭО-24-10Р топтарының кураторы А.Т.Құлмахамбетова шәкірттерінің Алматы электромеханикалық зауытына көшпелі оқу экскурсиясын ұйымдастырды.
Алматы электромеханикалық зауыты Alageum Electric холдингінің бір бөлігі болып табылады-Қазақстанның ірі электротехникалық компанияларының бірі. Холдингке электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс саласында жұмыс істейтін 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттар кіреді.
Олардың қатарына "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Asia Trafo" ЖШС, "Орал трансформатор зауыты" ЖШС, "Петропавл электротехникалық зауыты" ЖШС, "Электромонтаж" АҚ сияқты аса күрделі электромонтаж жұмыстарын орындайтын мамандандырылған компаниялар кіреді.
Алматы электромеханикалық зауытының директоры Фархад Ергешов пен техникалық директор Бағланбаев Қалмахамбек өндірістік процестердің ауқымды қызметі туралы және жалпы электр энергетикасы мамандығын игерген мамандардың қандай жұмыстар атқаратыны жайлы кеңірек ақпарат алуға қолдау көрсетті.
«6В08702-Ауыл шаруашылғын энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы аясында өткен іс-шара барысында студенттер трансформаторлардың жұмыс істеу және әзірлеу принциптерімен, сондай-ақ басқару қалқандары мен тарату қалқандарын құрастыру процестерімен танысты.
"Энергетика және электр техникасы" кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары мұндай практикалық іс-шаралар болашақ инженерлердің кәсіби қалыптасуына үлкен ықпал ететінін атап өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі.