Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Жиында ұлттық заңнамаға енгізілген түзетулер, ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен ғалымдарды қолдауға арналған маңызды реформалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Ғылымды қаржыландыру соңғы төрт жылда үш есеге артқан. Спикер ғылымның экономикамен және қоғаммен сабақтасып, нақты нәтижелер беруі керектігін айтты.
Кездесуде жасанды интеллект, биотехнология, экология, аграрлық ғылым және баламалы энергетика сияқты бағыттардың маңыздылығы атап өтілді. Сенат алдағы заңнамалық жұмыстарда ғалымдардың ұсыныстарын ескеретін болады.