KazNARU

ТАСЫМАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА МАМАНДЫҚТАРЫНА СҰРАНЫС ӨТЕ ЖОҒАРЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті И.В.Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасында «Шыңғар транс» ЖШС президентінің кеңесшісі, «Elim Consulting» ЖШС сыртқы байланыстар және консалтингтік қызметтер департаментінің директоры, «KAZLOGISTICS CERTIFICATION» ЖШС директоры Токтамысова Әлия Бейсембайқызы «Қоймадағы сақтау жүйелері» атты тақырыпта қонақ дәріс жүргізді.

Дәріске «Логистика (сала бойынша)», көлік, көліктік техникасы және технологиялары, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламаларының 3 – 4 курс студенттері, 1 курс магистранттары, факультет деканы және кафедра қызметкерлері қатысты.

✅ Әлия Бейсембайқызы өз лекциясында «Шыңғар транс» серіктестіігінің қызметіне кңірек тоқталып, қазіргі кезде Ресей, Белорусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Азербайжан, Тәжікстан елдерінде осы серіктестіктің филиалдары бар екенін және осы тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізетіндерін айтып өтті.

✅ «Қазіргі уақытта Қазақстанда тасымалды ұйымдастыру және логистика мамандықтарына сұраныс өте жоғары, сондықтан бұл мамандықтардың болашағы өте зор деп ойлаймын. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті осы салада білікті кадрлар даярлауда көш бастап келе жатқаны қуантады. Бүгін мен қоймадағы сақтау жүйелері туралы тақырыпты ашып түсіндірмекпін. Өйткені, қоймадағы сақтау жүйелері — бұл тауарларды тиімді орналастыруға, сақтау мерзімін бақылауға және оларды жылдам табуға мүмкіндік беретін технологиялар мен әдістер жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған сақтау жүйесі қойманың жұмысын оңтайландырады, шығындарды азайтады және логистикалық процестерді жылдамдатады, қызмет көрсету сапасын жақсартады», - деді спикер.

✅ Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, тақырып бойынша сұрақтар қойып, осы компаниядан практика өту үшін қандай талаптар қойылатынын сұрап білді. Осыған орай, Әлия Бейсембайқызы студенттерді «Шыңғар транс» серіктестігінен өндірістік практикадан өтуге щақырды. Болашақта «дуалды оқыту» бойынша кафедрамен бірігіп жұмыс жасауға ниеттерінің бар екенін, біздің оқу ордасымен әр уақытта жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді.

✅ Кафедра меңгерушісі Марат Кенжалыұлы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға шақыра отырып, құрметті қонаққа мазмұнды дәріс өткізгені үшін ризашылық білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник