KazNARU ӨКІЛДЕРІ мен ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ КЕЗДЕСТІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Алматы облысы, Жамбыл ауданының жоғары сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы кезекті кездесуі офлайн және онлайн форматында ұйымдастырылды.
Кездесуді KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы ашып, университеттің халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға байланысты бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бүгінде кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру мақсатымен KazNARU басшылығының бастамасымен Алматы облыстық білім басқармасы мен аудандық білім беру басқармаларымен, мектеп және колледж директорларымен, оқытушылармен және әдіскерлермен байланыс орнату үшін белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Барлық мектептер мен колледждерге университетіміз туралы ақпараттар орыс және қазақ тілдерінде жазылган хаттар арқылы жіберілді. Факультеттер мен кафедралардың әрбір оқытушысы кәсіби бағдар жұмысын тұрақты жүргізу үшін белгілі бір мектептерге жауапты болып бекітілді. Келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан, мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады. Жүйелі түрде офлайн және онлайн форматында өткізіліп келе жатқан кәсіби бағдар жұмыстарының тиімділігі өз нәтижесін береді деп сенеміз», - деді Гүлмира Егізбайқызы.
Жиынға Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы спикерлік жасап, «Әскери» кафедра бастығы, запастағы полковник, PhD Әділбекоа Еркін Қорабайұлы, «ТИАШМИ» ҰЗУ Алматы қаласындағы филиалының директоры, т.ғ.д., профессор Бердышев Абдурахим Сулейманұлы, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, Қабылдау комиссиясының мамандары, мемлекеттік грант иегерлері белсенділікпен қатысып, сөз сөйледі.
Кездесу барысында «Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алтынбекова Светлана Амантайқызы бастаған мектеп директорлары мен сынып жетекшілері, бітіруші түлектер белсенділікпен қатысты. Білім бөлімінің басшысының мәліметінше, ауданда жалпы мектеп саны – 60, оның ішіңде орта мектеп – 45. Жалпы оқушылар контингенті – 26 652.
«Жоғары сынып оқушылары үшін болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мақсатында оқу-тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Ауданымызда ауыл шаруашылғы, мал шаруашылығы, инженерия, ветеринария, экология, көкөніс өсіруші мамандықтарға деген сұраныс өте көп. Сондықтан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен үнемі тығыз байланыстамыз. Бүгінгі кездесу мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда үлкен ой тастайтыны анық», - деді Светлана Амантайқызы.
Бұдан кейін Қабылдау комиссиясының мамандары мен факультет декандары университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері туралы презентация ұсынды. Жиынға қатысқан жоғары сынып оқушылары аграрлық мамандақтардың болашағына қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Кездесу қортындысында университет басшылығы мен Жамбыл аудандық білім бөлімімен және барлық мектеп директорларымен өзара ынтымақтастықты одан ары дамыту туралы уағдаластық жасалды.
KazNARU Баспасөз қызметі