ОҢТҮСТІК МЕГАПОЛИСТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰРГІЗІЛУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған арнайы топтары Алматы қаласы ішіндегі мектептерде өз жұмыстарын белсенділікпен жалғастыруда.
Мақсат – KazNARU құрамындағы факультеттерінің ерекшелігін жан-жақты таныстыру және мектеп бітірушілерге - оқушыларға сұранысқа ие жұмыс мамандықтарын насихаттау; - ата-аналардың жұмысшы мамандықтары туралы ақпараттануын арттыру; - оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағыт таңдауға көмектесу.
Осындай кең көлемдегі кездесу Медеу ауданындағы№172 мектеп-гимназиясында «Болашақ мамандығың – бүгінгі таңдауың» атты тақырыппен болып өтті. Мектеп директоры Чорманова Әлия Сбанқұлқызының айтуынша, оған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Нархоз» университеті, Еуразия Технологиялық Университеті сияқты 25-ке жуық ЖООлар мен колледждердің өкілдері, мектеп директоры, кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты.
Іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы жоғары сынып жастарына жоғары оқу орны туралы әңгіме өткізді. Қазақ және орыс тіліндегі буклеттер және мамандықтардың жалпы мәліметтер таратылып, арнайы видеоролик көрсетілді. Жасөспірімдерді қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.
Басқа да профессор-оқытушылар құрамының мүшелері үлкен қаланың бірқатар мектептерін қамтуға тырысты. Атап айтқанда, «Құқық” кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Гаитов Әлішер Анаитұлы Әуезов ауданыындағы №97 мектеп-гимназияда кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Бітіруші 2 орыс сыныбында барлығы 38 оқушы бар..
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сулейменова Жулдыз Маукенқызы №30 мектеп-гимназиясында болып, кәсіби бағдар жұмысы аясында университеттің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Орыс сыныбындағы 28, қазақ сыныбындағы 30 оқушы QR-код арқылы сауалнамаға жауап берді.
И.В.Сахаров атындағы “Көлік техникасы және технологиялары” кафедрасының меңгерушісі Шуренов Марат Кенжалыұлы өзі оқыған М.Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектепке барып қайтты. Мұнда бітірушілер саны 57 оқушы.
"Топырақтану, агрохимия және экология" кафедрасының оқытушылары Букенова Эльмира Абайқызы, Жайлибаева Ләззат Асылбекқызы Медеу ауданындағы № 12 жалпы білім беретін мектептің 161 бітіруші түлектерімен кездесті.
Топ мүшелері алдағы уақытта университетте «Ашық есік» күнін ұйымдастыруға және KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар білім алып, екі дипломға ие болғысы келетін талапкерлерді оқуға шақырды.
KazNARU Баспасөз қызметі