ШУ АУДАНЫ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІРДІҢ БІРІ
Жамбыл облысындағы қазақ хандығының туы тігілген, тарихы терең шежірелі Шу бойы ауылшаруашылығы, оның ішінде мал және көкөніс шарашылығы кеңінен қанат жайған шұрайлы мекен. Мұнда 107 мыңға жуық халық тұрады. Соның 45 мыңы Шу қаласының тұрғындары. Ауданда жалпы білім беретін 49 мектеп бар.
Қазіргі уақытта осы Шу қаласында KazNARU «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының профессоры Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы кәсіби бағдар жұмыстары аясында мектеп бітірушілермен кездесулер ұйымдастыруда. Ол жұмысын өзі оқыған Төле би атындағы орта мектептен бастады.
«Оқу ордамыздағы бітіруші 56 жоғыры сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына көмектесу үшін оқу-тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өңірімізде ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс жоғары. Сол себептен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен үнемі тығыз байланыстамыз», - деді мектеп директоры Жангарашева Ардақ Толепбайқызы.
Бұдан кейін профессор Құрманкүл Абаева №40 мектеп лицейінің директоры Киікбаева Эльмира Дабысқызымен жолығып, бітіруші түлектермен кездесті. Мұндағы бітіруші 4 сыныпта 80 оқушы оқиды. Кездесуге қатысушыларға университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері туралы қазақ-орыс тілдеріндегі ақпараттары мен буклеттері таратылды. Оқушылар Q-код арқылы арнайы сауалнамадан өтті. Кездесулер одан ары басқа мектептерде жалғасуда.
Кәсіби бағдар жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, университетпен тығыз байланыс орнатқан мектеп директорларына KazNARU Басқарма Төрағасы – ректоры А.Қ.Күрішбаевтың Алғыс хаттары табысталды.
KazNARU Баспасөз қызметі