KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

✅ 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің белсенді студенттері Алматы қаласындағы “Аманат” қарттар үйіне арнайы барып, сый-сияпаттарын ұсынып құттықтап қайтты.

✅ «Инженерлік технологиялар» факультеті ұйымдастырған бұл игі шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне ерекше көңіл бөліп, олардың өміріне жылулық пен мейірім сыйлау.

✅ Студенттер қариялармен жылы қауышып, өздері дайындағын концерттік бағдарламасын ұсынып, бірнеше тілде өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. Өзара емен-жарқын әңгімелескен аға буын өкілдері жастарға өздерінің өмір жолдарынан қызықты естеліктер айтып, көтеріңкі көңіл күймен мерекені бірге тойлады.

✅ Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мазмұнды кездесулер үлкендер үшін ғана емес, жастар үшін де маңызды, өйткені олар алдыңғы толқын ағалардың өнегелі істерінен үлгі алып, рухани құндылықтарды бойларына сіңіре алады.

✅ Мейірімділік пен сыйластықтың шынайы жүздесуін өткізген студенттердің ықыласына қарттар үйінің тұрғындары алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник