KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҒЗИ БАЗАСЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ИГЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің студенттері дуальды оқыту жүйесі арқылы «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері» ҒЗИ базасында теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, өз мамандықтарына сай дағдыларды игеруге мүмкіндік алды.

✅ "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы", «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» және «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының 3-4 курсында оқитын студенттері ҒЗИ-да дуальды практикадан өту барысында тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен институттың әртүрлі зертханаларында жұмыс істеу процестеріне белсенді қатысты.

✅ Атап айтқанда, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кененбай Гүлмира Серікбайқызы, т.ғ.к., «Наубайхана өндірісінің технологиясы» зертханасының меңгерушісі Жұмалиева Гүлжан Ералиқызы, б.ғ.д., профессор, «Сапа және тамақ қауіпсіздігі биотехнологиясы» зертханасының меңгерушісі Велямов Мәсімжан Тұрсынұлының жетекшілігімен студенттер кәсіпорынның ішкі процестерімен және талаптарымен танысып, тамақ өнеркәсібінің технологиялық заманауи жабдықтарымен тікелей жұмыс істеуді үйренді.

✅ Зертханалық тәжірибе өту барысында студенттер күнделік - есептерін толтырып, атқарған жұмыстары туралы нақты ақпаратты жазып отырады, сонымен қатар тәжірибе соңында қортынды есептерін тапсырды.

✅ Кафедра қызметкерлері екіжақты ынтымақтастық келісім аясында студенттерді дуальды оқытуға мүмкіндік жасағандары үшін институт басшылығына ризашылық білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник