KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚазҰУ ПРОФЕССОРЛАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
2025 жылдың 03 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Қуаналиева, з.ғ.к., доцент Б. Калымбек, PhD докторы Э.С.Қуандыкова арнайы қонақ дәріс өткізді.
KazNARU тарапынан аға оқытушылар М.А.Төленді, Б.Р.Рысқұлбекова мен «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің «6В04205-Құқықтану» білім беру бағдарламасында оқитын 3-ші курс студенттері қатысты.
Дәріс барысында бірінші тақырып – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бойынша жұмыс орындарын құру, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және экономикалық өсудің құқықтық аспектілері талқыланды.
Студенттер ТДМ аясында лайықты жұмыс орнын табу мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттар мен Қазақстанның даму стратегиясына негізделген құқықтық механизмдер туралы кеңінен мағлұматтар алды.
Екінші мәселе – «Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологияларды (ЖИ) енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту» тақырыпты талқылау барысында ауылдық аймақтардың экономикалық тұрақтылығын арттыру мақсатында агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инновациялық технологиялардың енгізілуі мәселелері қамтылды.
Спикерлер Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту еліміздің ауыл шаруашылығы мен экономикасының барлық салаларында технологиялық прогресс пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жасанды интеллекттің көмегімен ауылдық аймақтардың өндірістік процестерін оңтайландыру, қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану және өнімділік көрсеткіштерін арттыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мысалдары нақты деректер арқылы көрсетілді.
Қазақстанның аграрлық секторындағы заңнамалық және құқықтық реформалардың дамуы, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдердің құқықтық аспектілерінің экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы ықпалы, басқа да өзекті мәселелер студенттердің қызығушылығын тудырды. Спикерлер қатысушылардың түрлі сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарып, қонақ дәріс өте қызықты және белсенділікпен өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі