KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында алматылық оқушылармен кездесулерін белсенді жалғастыруда.

✅ Мақсат – KazNARU құрамындағы факультеттерінің ерекшелігін жан-жақты таныстыру және мектеп бітірушілерге - оқушыларға сұранысқа ие жұмыс мамандықтарын насихаттау; - ата-аналардың жұмысшы мамандықтары туралы ақпараттануын арттыру; - оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағыт таңдауға көмектесу.

✅ Атап айтқанда, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Тұяқбаева Меруерт Шекеқызы мен аға оқытушы Кондратенко Светлана Анатолийқызы кәсіби бағдар жұмысын Әуезов ауданындағы №132 гимназияда болып, мектеп директоры Ходжаева Толқын Саламатқызымен және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп қайтты.

✅ Х.Д.Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасының аға оқытушылары Жұмабаева А.М., Елтаева К.Е., оқытушы Қаби Ш.М. Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейде және №26 жалпы білім беретін мектепке барды.

✅ “Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Байбатшанов М.К. мен “Құқық" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бейсенбаева М.Т. Әуезов ауданындағы №133 мектеп-гимназиясының түлектерімен кездесті.

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің “Құқық” кафедрасының аға оқытушылары Рыскулбекова Балжан Рашитқызы мен Таджиханова Бақыткүл Тәліпбекқызы Әуезов ауданындағы №117, “Құқық” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абилкасымов Егемберді Дайрбекұлы №13 мектеп-гимназияда кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізді.

✅ “Инженерлік технологиялар” факультеті, “Энергетика және электротехника” кафедрасының оқытушылары Сарсенбекұлы Дат, Абдирова Мухаббат Турдалықызы, Сағындыкова Жадыра Бауыржанқызы Әуезов ауданындағы №122 мектепте болып қайтты.

✅ «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы Нұргожаев Азамат Серікұлы және студент Фатима Тұрганжанова Түрксіб ауданындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушлыларымен кездесті.

✅ "Н.О.Базанова атындағы Жануарлар биологиясы" кафедрасының профессоры Қайруллаев К.Қ. Бостандық ауданындағы №65 мектеп-гимназиясында болып, білім беру бағдарламалары мен жаңалықтар туралы бөлісті.

✅ Әскери кафедраның қызметкерлері – запастағы полковник Латыпаев Р.А. Жетісу ауданындағы №129; запастағы майор Кашаганов М.О. Түрксіб ауданындағы №142 мектепте және Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 мектепте; подполковник Атаев М.К. Түрксіб ауданындағы №115 жалпы білім беретін мектепте болып, Әскери кафедра туралы ақпараттық материалдар таратып, қосымша мәліметтер ұсынды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери мамандықтар жайлы тиімді кеңестер алды.

✅ Кездесулер барысында спикерлер оқушыларға жоғары білім алудың маңыздылығы, университеттің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, студенттік өмір мен оқу мүмкіндіктерінің аясын түсіндірді, екі дипломға ие болғысы келетін талапкерлерді оқу ордамызға оқуға шақырды. Бұл іс-шаралардың жастар үшін өз мамандықтарын дұрыс таңдауына, болашағын айқындауына тікелей ықпалы тиетіні анық.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник