KazNARU

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ҒАЛЫМ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ

🌸 2025 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы, Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді.

🌷 Атаулы іс-шараға 400-ге жуық отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

🌹 Найля Оразғұлқызы Базанова (1911-1993) - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласының - ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының негізін қалаушы. Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы (1945), профессор (1946), Қазақ КСР ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946).

📈 Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші мамандар арасындағы әйелдер саны 12 мыңға жуық. Бұл жалпы ғалымдар санының 55,6%.

👸🏼Ғылыми дәреже қорғаған аруларымыздың қатары жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, биыл әйел арасында ғылым докторлары – 848-ге жетті, ғылым кандидаттары – 2 872-ге, PhD докторлар – 1 806-ға жетті.

📊 Біздің деректеріміз бойынша, 2024 жылы қазақстандық әйелдер Web of Science және Scopus журналдарында 3100-ден астам мақала жариялады, оның ішінде 1400-ден астамы – бірінші автор ретінде көрінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15% -ға артық. 2024 жылы Web of Science бірінші квартиліндегі ең беделді журналдарда қазақстандық ғалым әйелдеріміз жариялаған мақалалар саны 500-ден асты.

🎖️Тұңғыш отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы марапатпен 48 отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды. Марапатқа лайықты үміткерлер университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ұжымдарының ұсыныстары бойынша анықталды.

https://www.youtube.com/watch?v=eEZSSu2guQk

---------Chatbot---------
виртуальный помощник