KazNARU

БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ МЕНШІГІ ҚАШАН ҚАЙТАРЫЛАДЫ?

✅ Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.

✅ «Amanat» партиясы жанын¬дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рес¬пуб¬ликалық кеңес төрағасы Ерлан САИРОВ әділдікті қалпына келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысы бар азаматтарды жауапқа тарту қажет екенін тағы бір еске салды.

«2000 жылдардың басында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттің және осы оқу ордасының мен­шігі талан-таражға түсті. Атап айтқанда, университеттің 3 жатақ­ха­насы, 5 лабораториялық ірі нысаны, 6 гектар жері белгісіз бір себептермен жеке адамдардың қолына өтіп кетті. Мұның артында сыбайлас жемқорлық әрекеті тұрғаны анық. Бүгінде «Amanat» партиясының атсалысуымен Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері осы мәселемен айналысып жатыр. Әрине, осы жылдар аралығында меншіктер екінші, үшінші, төртінші қолға өтіп кетті. Соған қарамастан, әділдік қалпына келуі керек. Балаларымыздың аузынан жырып алынған барлық ырыздықты қайтаруымыз қажет. Бұған жол берген азаматтар құ­қық­тық жауапкершілікке тарты­луға тиіс», -дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

«Егемен Қазақстан»,

07.03,2025 ж.

Арман Октябрь

https://egemen.kz/.../383196-bilim-ordasynynh-menshigi...

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник