KazNARU

Менің тілім – қанатым

5 қыркүйекте аталып өтілетін Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасы 2024 жылдың 5-24 қыркүйек аралығында тіл онкүндігін ұйымдастырды. Онкүндік барысында студенттер арасында «Менің тілім – қанатым» тақырыбында тақырыптық сабақтар өткізілді. Орыс, қазақ және ағылшын тілі мұғалімдері конкурстық іс-шаралар ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен сертификаттар табысталды.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде университеттің мәжіліс залында тіл апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу барысында Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы мен Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы сөз сөйледі. Студенттерге апталық барысында болатын іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Онкүндік аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

    1.    Қазақ тілі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері 1-курс студенттерімен мұражайға саяхат ұйымдастырды;
    2.    Ағылшын тілі мұғалімдері 1-курс студенттері арасында олимпиада өткізді;
    3.    Орыс тілі мұғалімдері бейнебайқау ұйымдастырып, жеңімпаздар Kahoot жүйесі арқылы тестілеуден өтіп, сайысқа түсті.

2024 жылдың 24 қыркүйегінде тіл онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Олимпиада жеңімпаздары марапатталып, барлық қатысушылар университет проректоры атынан алғыс хаттар алды. Қорытынды сөз жалпы білім беретін пәндері кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлына берілді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник