KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРі «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ОРТАЛЫҒЫНДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасы мен ТЖК «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі арасында дуалды білім беру жүйесі бойынша келісім-шарт жасалған болатын.

Осы келісім аясында «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Қазселденқорғау» орталығында тәжірибеден өтуде. Бұл оқу үдерісі теория мен практиканы ұштастырып, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.

✅ «Қазселденқорғау» мамандары Іле Алатауының макет картасын пайдалана отырып, Алматы қаласын ықтимал қауіпті гидрологиялық құбылыстардан гидротехникалық құрылыстар арқылы қорғау әдістерін көрсетті. Биік таулы морена мен мұзды көлдердің жарылу қаупі, оның алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, студенттермен ашық сұрақ-жауап сессиясын өткізді.

✅ Сондай-ақ, орталық мамандары «Төтенше жағдайда қорғау және қызметкерлерді басқару» пәні бойынша практикалық дәрістер өткізіп, мемлекеттік мекеменің қызметі, міндеттері және негізгі функциялары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Бұдан бөлек, білім алушылар сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат, селден инженерлік қорғау әдістері, профилактикалық жұмыстар, сел қаупін мониторингтеу және сел тасқындарын зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша маңызды ақпараттармен танысты.

✅ Осындай тәжірибелік іс-шаралар студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік ортада бекітуге, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететінін көрсетіп отыр», - дейді университеттің аға оқытушысы Ақерке Дюсенбиева.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник