KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН АУЫЗАШАР ЖАЛҒАСУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің оқытушылары мен жатақханада тұратын студенттеріне арналып, ауызашар ұйымдастырылды.
Рамазан айындағы береке-бірлік пен ынтымақты тірлікті білдіретін қуанышты іс-шаралар адамдар арасын жақындастыратын рухани алтын көпір.
Мейірім мен ізгіліктің көрінісіндей жайылған ақ дастархан – тек ас ұсыну емес, жастарға ерекше жылулық сыйлаған кеш болды.
Рамазан айындағы сауапты амалдар жалғаса берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әз-Наурыз өзінің молшылығын ала келсін!
KazNARU Баспасөз қызметі