KazNARU

KazNARU мен ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ

М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Мәдениет үйінде Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушыларының қатысуымен колледж бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні болып өтті. Кездесу аясында екіжақты Меморондумға қол қойылды.

✅ Колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызының айтуы бойынша Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 1918 жылы қазан айында Бау-бақша шаруашылығы мектебі базасында кең профильді агрономдар дайындайтын Жетісу орта ауылшаруашылық училищесі болып құрылған. Алғашқы қабылданған оқушылар саны 29 адам болды. 1997 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне М.Бейсебаевтың есімі берілді.

Колледжде шәкірттер Ветеринария, Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету (түрі бойынша), Есеп және аудит (сала бойынша), Электр қуатымен қамтамасыз ету (сала бойынша), Тамақ өндіріс өнеркәсіптеріндегі өңдеу технологиясы және ұйымдастыру, Жерге орналастыру бойынша білім алады.

✅ «Колледж тарихы өте бай және қызықты. Құрылғаннан бері ауылшаруашылығының маңызды салалары үшін 28000 орта арнаулы мамандар даярланды. Биылғы бітіретін түлектер саны – 309. Оларға Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетіне тіүсіп жоғары білім алуға тұрақты ақыл кеңес, бағыт беріп отырамыз. Бүгінгі «Ашық есәк» күнінен кейін еліміздегі ең озық аграрлық университетте оқуға ниет білідрушілер қатары да өседі деп сенеміз», - дейді колледж басшысы Динара Боларбекқызы.

✅ Аса маңызды іс-шараға KazNARU «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы, кафедра меңгерушілері Мамаева Лаура Асылбекқызы, Шүренов Марат Кенжеалыұлы, Әділхан Қизатоллаұлы, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының меңгерушісі Серікбаева Гаухар Каналекқызы, аға оқытушылар Сағындықова Дарига Нұрлыбайқызы және Тұркелдинова Сабира Асылбайкызы қатысып, университеттің білім беру бағдарламалары мен ерекшеліктерін таныстырды.

✅ Спикерлер оқу ордасындағы білім беру мен ғылыми зерттеу жұмыстарындағы инновациялар, практикалық тәжірибе алмасу мен шет елдерде білімді жалғастыру, ҰБТ жаңалықтары мен оқуға тапсыру ережелерін түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап қайтарды. Университет туралы бейнебаян көрсетіліп, буклеттер таратылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник