KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
2025 жылдың 18 наурыз күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқауға университеттің 1-курсында оқитын 1300-ден астам студент қатысты. Мұндағы бір ерекшелік – қазақ топтарында оқитындар орыс тілінде, орыс топтарында оқитындар қазақ тілінде, сондай-ақ барлық топтардың өкілдері ағылшын тілінде шығарма жазды.
«Байқаудың бірінші кезеңі 1 наурызда – Алғыс айту күнінде өтті. Дәл осы күні, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған болатын. Байқауға қазылық жасаушы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері алғашқы аптада ең үздік жұмыстарды іріктеп, екінші аптада озып шыққан мәтіндердің түпнұсқалығын сараптамадан өткізді», - дейді университет Жастар комитетінің төрағасы Әшірәлі Сманов.
Бүгін Ассамблеяның «Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері университетке келіп, эссе байқауының жеңімпаздарымен кездесіп, шығармашылық белсенділіктері үшін өз ризашылықтарын жеткізді.
Атап айтқанда, Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы – Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Алматы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ҚХА қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі; Шихотов Владимир Семенұлы – Алматы қаласы «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» филиалының төрағасы; Бабалиев Сеит Өмірсейітұлы – «Қырым татарларының мәдени орталығы Ватандаш» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы сөз сөйлеп, студенттердің жақсы білім алып, шығармашылық табысқа жетуіне тілек білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерін біріктіретін бірегей платформа. 30 жыл бойы ол бейбітшілік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып, халықтар арасындағы достық байланыстардың дамуына ықпал етіп келеді.
«Біздің университетте қазақтармен бірге еліміздегі 13 этностың өкілдері білім алуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісі бойынша біз де KazNARU Достық үйін құрдық. Достық үйі университеттің барлық іс-шараларына белсенді қатысып, түрлі этностар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға еңбек сіңіріп келеді», - дейді Достық үйінің студенттер кеңесінің төрағасы Шаим Абдулматин.
Байқау жеңімпаздары болып төмендегі студенттер танылды.
1-орын:
- Матвеева Таисия (24-ВетПБиТ), қазақ тілінде эссе;
- Ерубай Арайлым (ЛДО-24-13к), орыс тілінде эссе;
- Тынайқұл Еңлік (Вет-24-18), ағылшын тілінде эссе.
2-орын:
- Дуденко Наталья (ВЕТ мед 24-17р), қазақ тілінде эссе;
- Алмас Аружан (ЛДО-24-10к), орыс тілінде эссе;
- Серік Азамат (ГМУ-24-08к), ағылшын тілінде эссе.
3-орын:
- Камердин Ясмина (ЛДО 24-20р), қазақ тілінде эссе;
- Сайлауова Айнұр (ЭО-24-09к), орыс тілінде эссе;
- Амандық Аяулым (Агро-24-12к), ағылшын тілінде эссе.
Эссе байқауының жеңімпаздарын құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық биіктіктер мен өрлеу тілейміз!
Байқау университетіміздің Жалпы білім беру пәндері кафедрасы мен Жастар ісі департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.
KazNARU Баспасөз қызметі