KazNARU

KazNARU мен ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМЫП КЕЛЕДІ

✅ 2025 жылдың 18 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агробиология» факультетінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің басшыларының қатысуымен «Агрономия білім беру бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандарды даярлау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

✅ Іс-шараға модераторлық жасаған KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары, п.ғ.д., профессор Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы аграрлық саладағы жетекші жоғары оқу ордасы мен отандық салалық колледждердің арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанына кеңінен тоқталып өтті. Атап айтқанда, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Талдықорған сервис және технология колледжі, Сауран ауданы Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледжі, Талғар Агробизнес және менеджмент колледжі сияқты т.б. іргелі орта арнаулы оқу орындарымен тіклелей байланыстар орнағанын және бұл мәселе тікелей ректордың бақылауында тұрғанын жеткізді.

✅ «Қазіргі таңда университет аграрлық білім беруді заман талабына сай жүргізе отырып, білім мен ғылымды және өндірісті интеграциялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Әлемдік озық университеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып, мектеп (лицей) – колледж – университет арасындағы қарым-қатынастарды дамытып, кәсіби бағдар беру бағытын тұрақты назарда ұстаймыз. Осындай қадамдар арқылы университетімізде оқығысы келетін болашақ ауыл шаруашылығы мамандарының қатарын толықтыруды мақсат тұтамыз», - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.

✅ Дөңгелек үстел барысында талқыланған негізгі мәселелер:

- университеттер мен колледждер арасындағы ынтымақтастықты нығайту – білім беру бағдарламаларын үйлестіру және біріктіру, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу;

- ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру мен жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және тәжірибелік дайындықты күшейту;

- оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу, оқу үдерісін цифрландыру;

- ауыл шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту – студенттердің ауыл шаруашылығы саласындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы хабардарлығын арттыру, еңбек нарығына бейімдеу.

✅ Дөңгелек үстелге қатысушылар су саласының қазіргі проблемаларын мен оларды шешу жолдарын кеңінен талқылады. Өйткені, су бүкіл тіршіліктің көзі. Кез-келген елдің тұрақты дамуы үшін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік-экономикалық өсуі, энергия мен азық-түлік өндірісі, экожүйелер және адамның өмір сүруі үшін судың алар орны маңызды. Сондықтан, су шаруашылығының барлық проблемаларды сапалы және уақтылы шешу барлық буындағы ғалымдар мен мамандардың ортақ міндеті екені айтылды.

✅ Жиын барысында су проблемасын шешудегі заңнамалық негіздерді одан әрі жетілдіруге, еліміздің АӨК дамыту саласындағы белгіленген жоспарлар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған Қарар қабылданды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар арасынан су ресурстары бойынша жүйелі мәселелерді анықтау және оларды одан әрі жетілдіру мақсатында жоғары тұрған органдардың қарауына беру үшін Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

✅ Іс-шараға KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, в.ғ.к., профессор Г.Е.Алпысбаева, Агробиология факуьтетінің деканы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Е.С.Абилдаев, Білім беру бағдарламаларын жобалау офисінің басшысы, PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Ә.Құсайынова, Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Е.А.Жаңбырбаев, Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының оқытушылары, а.ш.ғ.к., профессор Қ.Қ.Жоламанов, А.Н.Ешенғалиева қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

✅ Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» КМҚК директорының м.а. У.М.Акишева, директордың орынбасарлары Е.С.Алибаев, Р.Т.Ташыбаева, М.С.Бағылбекова, агрономиялық пәндер циклі комиссиясының төрағасы М.Д.Ятаев қатысты.

Қатысушы тараптар ауылшаруашылық білім беру жүйесін дамыту, университет пен колледж арасындағы бірлескен жобалар мен тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу туралы келісімдерге қол жеткізді.

✅ Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығына сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында KazNARU мен Құлан агротехникалық жоғары колледжі арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник