KazNARU

Тазару күні - жаңарудың, береке-бірліктің символы

✅ 23 наурызда Наурызнама онкүндігінің соңғы күні «Тазару күні» атап өтілді. Табиғатты қорғау мен ішкі жан-дүниені жаңғырту идеясы осы күннің негізгі ұранына айналған.

✅ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде қала әкімінің қатысуымен өткен жалпықалалық сенбілікке университетіміздің 200-ден астам білім алушысы қатысты.

Сенбілікке жиналғандар Есентай өзені жағалауын тазалап, тал көшеттерін отырғызды, айналаны қоқыстардан тазартып, экологияны сақтауға барынша үлес қосты.

Сенбілікке қатысушыларды қолдап келген өнер жұлдыздары, танымал әншілер мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

✅ Бұл күн қоғамдағы белсенділікті арттыратын, азаматтық жауапкершілікті нығайтатын күн ретінде есте қалды. Осындай іс-шаралар халықтың, әсіресе студент жастардың ұйымшылдығын арттырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамауға үйрететіні анық.

✅ Тазару күні - тек Наурыз мейрамындағы шара емес, өмір салтымызға айналуы қажет. Әрбір адам өз ауласын, көшесін таза ұстауға, табиғатты аялауға дағдылануы тиіс. Біздің болашағымыз – қоршаған ортаға, өзіміздің рухани және әлеуметтік санамызға тікелей байланысты.

КazNARU баспасөз қызметі

ВИДЕО СІЛТЕМЕДЕ

---------Chatbot---------
виртуальный помощник