KazNARU

ҚазҰАЗУ БАЗАСЫНДА БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ БАССЕЙНДІК КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 12 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су хабында өткен Балқаш-Алакөл Бассейндік кеңесінің 36-шы отырысын Бассейндік кеңес төрайымы, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Иманбет Раушан Мұсақұлқызы ашып, жүргізіп отырды.


Отырыста Бассейндік кеңес құрамына өзгерістер еңгізу және шағын су нысандарын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ. Балқаш-Алакөл бассейні бойынша төгінді суларды пайдалану мәселелері, оның ішінде шаруашылықтарда төгінді суларды жер үсті су нысандарына ағызуға қатаң тыйым салыну шаралары қарастырылды.Осыған байланысты төгінді суларды тазартқаннан кейін өндірістік және ауыл шаруашылық мақсатында қайта пайдалану ұсынылды.


Кеңес жұмысына Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Байеділов Қонысбек Ескендірұлы, Алматы олысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Искаков Бейбіт Құлжамбайұлы, «ЭлМ» ЖШС директоры Исатаева Ляйля Шакарманқызы, У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты директорының орынбасары Мұртазин Ермек Жамшитұлы, ҚазҰАЗУ Су хабының директоры Рябцев Анатолий Дмитриевич қатысып, сөз сөйледі.

 


ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник