ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРМЕЗ АГРОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасының Термез агротехнология және инновациялық даму институтымен (28.10.2022 ж.) ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2023 жылдың 17-28 сәуір аралығында Біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру мақсатында жоғарыда аталған институттан оқытушылар тобы келіп, келесі аграрлық ғылым санаттары бойынша:
- Термез агротехнология және инновациялық даму институтының «Зооинженерия, ветеринария және жібек шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Каримов Шерали Аллабердиевич, аға оқытушылары Тошпулатов Баходир Жураниозович, Тогаймуродов Мансур Саломатович «Мал шаруашылығын қарқындатудағы инновациялық технологиялар» атты 72 сағаттық бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды. Біліктілікті арттыру курсын "Зооинженерия" кафедрасының профессорлары а/ш.ғ.д., профессор Т. С. Садықұлов, а/ш.ғ.д., профессор Ш. А. Альпеисов, а/ш.ғ.д., профессор Ш. Р. Адылканова, а/ш.ғ.к., профессор Б. А. Буралхиев, а/ш.ғ.к., профессор Г. А. Кулманова, а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор С. М. Мирзакулов және де «Физиология, морфология және биохимия» кафедрасының а/ш.ғ.к., профессоры К. Ж. Исхан жүргізді;
- Жоғарыда аталған институттың «Агрохимия және агротопырақтану» кафедрасының аға оқытушысы Назаров Абдурайим Чориевич «Топырақтану, агрохимия, экология бойынша заманауи кеңістіктік-уақыттық мониторинг» атты 72 сағаттық бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды. Біліктілікті арттыру курсын «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессорлары а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Т. Р. Рыспеков, ҚР АШҒА академигі, а/ш.ғ.д., профессор А. М. Балғабаев, аға оқытушы А. Н. Жамангараева жүргізді;
- «Агробизнес, бухгалтерлік есеп және цифрлық технологиялар» кафедрасының ассистенттері Оллобоева Лобар Рузи кизи, Турдимуратова Азиза Алишеровна «Инновациялық экономика мен еңбек нарығының заманауи үрдістері» атты 72 сағаттық бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды. Біліктілікті арттыру курсын Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессорлары э.ғ.к., профессор Ж. П. Смаилова, э.ғ.к., профессор К. Б. Шалгимбаева жүргізді;
- «Өсімдіктерді қорғау және ауыл шаруашылығы өнімінің карантині» кафедрасының доценті Халмуминова Гулчехра Кулмуминовна «Карантиндік объектілерді, ауру зиянкестерін, арамшөп өсімдіктерін, нематодтарды анықтау және сәйкестендіру, препараттарды дайындау, тіркеу» атты 72 сағаттық бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды.
Біліктілікті арттыру курсын «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының профессорлары а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор К. Р. Хидиров, а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б. Т. Раимбекова, аға оқытушылар А. С. Жунисова, У. Ш. Есиркепов жүргізді;
- «Орман шаруашылығы, дәрілік өсімдіктер және ландшафттық бау-бақша» кафедрасының ассистенті Файзуллаев Уткир Аминкулович «Орман ресурстары және олардың ірі аумақты кесулерге рекультивациялық әсері» атты 72 сағаттық бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырды. Біліктілікті арттыру курсын «Орман ресурстары, аң аулау және балық шаруашылығы» кафедрасының профессорлары, кафедра меңгерушісі Ф. А. Токтасынова, а/ш. ғ.к., профессор А. О. Досахметов, э.ғ.д., профессор К. Т. Абаева жүргізді;
- «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу және механикаландыру» кафедрасының ассистенттері Холбеков Тоштурди Кудратович, Исмоилов Холик Шодмонович «АӨК-дегі инновациялық технологиялар мен техника» атты 72 сағаттық бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырды. Біліктілікті арттыру курсын «Аграрлық техника және механикалық инженерия» кафедрасының т. ғ. к., профессоры Х. М. Гасанов жүргізді;
- «Өзбек тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті Мухаммедиева Олия Нарзуллаевна әЗаманауи білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялар» атты 72 сағаттық бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды. Біліктілікті арттыру курсы "IT-технологиялар және автоматтандыру" кафедрасының профессорлары п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Э. А. Аманбаева, п.ғ.к., профессор Н. Е. Жақсылықова жүргізіп, біліктіліктерін арттырды.
Біліктіліктерін жетілдіргендігін растайтын сертификаттарды Басқарма Төрағасы-Ректор атынан Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Ибрагимов Примкул Шолпанкулович табыс етті: «Біздің университет Өзбекстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының бірқатарымен ынтымақтастықта. Оның ішінде Термез агротехнология және инновациялық даму институтымен 2022 жылы ынтымақтастық құрылған. Тәжірибе алмасу бағытында біздің Университетімізді таңдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз және ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деген үміттеміз».
Ұйымдастырушылар: Біліктілікті арттыру кеңсесі.