«ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Біліктілікті арттыру кеңсесі базасында 2023 жылдың 20 ақпаны мен 01 наурызы аралығында Павлодар қаласындағы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушылары «Қой және ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеу технологиясының инновациялық әдістері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курстың жетекшісі «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының а.ш.ғ.к., профессоры Құлатаев Бейбіт Тұрғанбекұлы.
Курстың мақсаты – өндірістің заманауи технологиялары бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, жоғары сапалы, адам денсаулығы үшін қауіпсіз және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін қой мен ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеу технологиясының инновациялық әдістері, қой мен ешкі шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін өндіру технологиялары, сондай-ақ сапаға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, оларды алғашқы өңдеу.
Біліктілікті арттыру курсының тәжірибелік сабақтары:
- "Технология және биоресурстар" факультетінің "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары" кафедрасында;
- электронды микроскопия, NGS-секвенирлеу және SNP-генотиптеу, хроматографиялық генетикалық талдау арқылы микро және нанобөлшектер деңгейінде өнімдердің сапасын талдауға, сонымен қатар серологиялық және гематологиялық зерттеулердің бүкіл кешеніне зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында жүргізілді.
Тыңдаушылар Су инновациялық орталықтың (Су Хабы) зертханаларындағы үздік инновациялық технологияларды іздеу және трансферттеу және Қазақстан мен Орталық Азияның барлық су ғалымдарының күш-жігерін шоғырландыру, су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін шешу жолдарымен танысты. Сондай-ақ, Біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен етті-майлы бағытындағы гиссар, еділбай және ұяң жүнді қой тұқымының «Байыс» сүлесі, англо-нубия, заанен және альпі сүтті ешкі тұқымдарын бордақылаумен және күтіп-бағумен айналысатын «Бибідүрия» мал бордақылау шаруа қожалығында қожалықтың іс басқарушысы Т. Д. Төлегеннің жүргізуімен сапалы тәжірибелік сабақтар жүргізілді.
родуктов овцеводства и козоводства, а также их первичная обработка с учетом современных требований к качеству.
Практические занятия курса повышения квалификации проводятся:
- на кафедре «Технологии производства продукции животноводства» факультета «Технологии и биоресурсы»;
- в Казахстанско-Японском инновационном центре с помощью электронной микроскопии, NGS-секвенирования и SNP-генотипирования, а также позволяющем анализировать качество продукции на уровне микро и наночастиц с помощью хроматографического генетического анализа, проводились исследования комплексных серологических и гематологических исследований.
Слушатели были ознакомлены с путями поиска и трансферта лучших инновационных технологий в лабораториях Водного инновационного центра (Водный хаб) и решения вопросов консолидации усилий всех водных ученых Казахстана и Центральной Азии, эффективного управления водными ресурсами. А также, Офисом были организованы выездные занятия в частном крестьянском хозяйстве «Бибидурья», занимающееся откормом и уходом за породами гиссарских, едильбайских и полугрубошерстных овец типа «Байыс», англо-нубийских, зааненских и альпийских молочных коз под управлением управляющего делами хозяйства Т. Д. Толегена.