«Бейбітшілік-ел тілегі» тәрбие сағаты
Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау,өз Отанын сүюге, қорғауға,патриотизмге тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін студенттердің бойына сіңіру. Достығы жарасқан ұлт өкілдеріне слайдтар, достық тақырыбына көсем сөздер, ұлттық киім киген студенттер қатысумен іс-шараны ажарландыра түсті.
«Достық биі» түрлі ұлттардың қатысуымен, бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдері іс-шара барысында ән айтып, би билеп, түрлі көріністер көрсетті.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
МЛР-22-01 Калдибаева Меруерт