КЕЗЕКТІ УНИВЕРСИТЕТІШІЛІК БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Біліктілікті арттыру кеңсесінің базасында «Генетика және өсімдік селекциясы» тақырыбында 22 профессор-оқытушылар құрамын қамтыған кезекті біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курс «Агробиология» факультетінің «Агрономия, генетика және биотехнология» кафедрасында онлайн форматта 2023 жылдың 01.02 – 21.02 аралығында өткізілді.
Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың практикалық генетика, селекция, тұқым шаруашылығы және өсімдік тұқымын зерттеу саласындағы білімдерін қалыптастыру, жаңа генетикалық тәсілдерді пайдалана отырып, селекциялық процесті жеделдету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін оқыту үшін игерілген материалдың негізінде өзіндік дидактикалық материалдарды жасаудың дағдыларын қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының жетекшісі – б.ғ.к., профессор Уразалиев Кайрат Рахимович. Дәрістерді және тәжірибелік сабақтарды профессор, б.ғ.к. Уразалиев Кайрат Рахимович, профессор, а/ш.ғ.к. Сулейменова Сауле Ертаевна, Ботаника және фитоинтродукция институтының «Тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, а/ш.ғ.к., Айтымбетова Клара Шардарбековна, өсімдіктердің микроклоналды көбею зертханасының басшысы, а/ш.ғ.к. Жантасов Серик Кажыханович жүргізді.
Бағдарламаның мазмұны өсімдіктер биологиясы мен агротехнологиясының негіздерін білуге және де бірқатар пәндер бойынша (биоинформатика, геномика, генетика, селекция, цитология, биохимия, эмбриология, молекулалық биология, өсімдіктер физиологиясы және жасуша биологиясы, сондай - ақ қолданбалы пәндер - ақпараттық, спутниктік және басқа технологиялар) дәріс, тәжірибелік сабақтар жүргізуге бағытталған.
Курстың нәтижесі бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы білім беруде заманауи агробиотехнологиялық және ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдану бағыты бойынша біліктіліктерін арттырды. Бағдарламаның 12 кәсіби модульі курс тыңдаушыларында лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастырды. Бір уақытта бірнеше мақсатты топтарды оқыту үшін бағытталған бұл бағдарлама қысқа уақыт ішінде көптеген мамандарды оқытуға мүмкіндік берді.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамына біліктілікті арттырғаны туралы сертификатты Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары-Провост Бектемесов Мактагали Абдимажитович тапсырды.
Курсты ұйымдастырушы құрам: Біліктілікті арттыру кеңсесі