KazNARU

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРАҚАЛПАҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АГРОТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  

       2023 жылғы 15-26 мамыр аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ ауыл шаруашылығы және агротехнология институтымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында Біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен жоғарыда аталған институттың 4 оқытушысына 72 сағаттық бағдарламалар бойынша:

  • «Соя, рапс және күнбағыс майлы дақылдарын өсіру және өңдеу агротехнологиясы» бағдарламасы бойынша «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасында;
  •  «Қазіргі заманғы білім берудегі педагогикалық технологиялар», «Педагогика және психология негіздерін оқытудағы инновациялық технологиялар» бағдарламалары бойынша «IT-технологиялар және автоматтандыру» кафедрасында;
  • «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау жүйесіндегі инновациялар» бағдарламасы бойынша «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасында біліктілікті арттыру курстары жүргізілді.

      Ұйымдастырушылар: Біліктілікті арттыру кеңсесі.