1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Қамқорлық» акциясы
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы- жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу- өзіңде барды өзгеге шын жүректен бөлісу.
1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Агробиология» факультеті, №2 «Жас Орда» жатақханасының студенттері және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Гүлнұр Жолдасбекқызы «Қамқорлық» атты акцияны ұйымдастырды. Белсенді студенттеріміз қала ішін аралап, адамдарға жақсы көңіл күй тілеп, өздерінің тіскебасарларын ұсынды.
Бұл акцияның мақсаты- қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, сонымен қатар студенттер арасында өзара достық, бірлікті нығайту. Факультетімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Өскелең ұрпаққа берген біліміміз бен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз!