KazNARU

Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Есіңе мені алғайсың» атты ашық тәрбие сағаты

2023 жылдың ақпан айының 20-шы жұлдызында ғылыми кітапхана оқу залында Агрономия білім беру бағдарламасы АГ-20-01,02,03 топ студенттері Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Есіңе мені алғайсың» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Студент жастар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, бейнероликтер көрсетілді.

Тәрбие сағатына қонақ болып әрі тамашалап, ойымен бөліскен «Агрономия,селекция және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Жанбырбаев Е.А.топ студенттерінің белсенділігін, шара барысында ұлтымыздың мақтанышы болған ақиық ақынды еске алып тәрбие сағатын өткізіп жатқандарына ризашылығын білдірді.

Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынды қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай:«Жазылар естеліктер мен туралы,-» дейді ақын.Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр.Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасай бермек!

Топ кураторы Барлыкова Н.А.