ҚазҰАЗУ-да ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2023 ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАСТАЛДЫ
5 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Халықаралық жазғы мектеп – 2023 салтанатты ашылуы болып, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы құттықтау сөз сөйледі.
Халықаралық жазғы мектеп – жыл сайын өткізілетін ең белсенді және ірі жобалардың бірі. Негізгі мақсаты АӨК дамыту саласында жаңа білім мен инновациялық технологияларды беру, сондай-ақ отандық білім мен ғылымды халықаралық кеңістікке интеграциялау болып табылады. Бұндағы жас қатысушылар қосымша білім алып қана қоймай, көптеген достар мен таныстар табуға мүмкіндік алады, өзара тәжірибе алмасады және басқа университеттер туралы көптеген ақпаратқа қанығады.
«Жыл сайын біздің университетіміз Халықаралық жазғы мектеп өткізетініні білесіздер, оған түрлі шетелдік серіктес-университеттердің өкілдері де қатысады. Әр мектепті атақты ғалымдар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлары басқарады, дәрістер оқиды және семинарлар мен практикалық сабақтар ұйымдастырады. Жыл сайын қаржылық мәселелерге байланысты біз жазғы мектепке студенттердің шектеулі санын ғана қабылдап жүрдік. Биыл халықаралық мектепті онлайн форматта жасауға шешім қабылдадық, осылайша қатысушылар санын арттыруға мүмкіндік алдық», - деп атап өтті университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.
Ректордың айтуынша, ең алдымен, биыл жоғары білім беруді интернационалдандыру, шетелдік профессорлар мен білім алушылар санын көбейту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Екіжақты қарым-қатынастарды, ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы әртүрлі елдердің университеттері стратегиялық әріптестер ретінде қазіргі заманғы зерттеу университетінің негізгі міндеті – жас ұрпақ үшін әртүрлі білім беру мүмкіндіктерін кеңейте пайдалана отырып, ғылым, білім және жоғары технологиялық өнеркәсіп үшін әлемдік деңгейдегі кадрларды даярлауды жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтады.
Бағдарламаға сәйкес білім алушылардың қатысуымен өтетін Халықаралық жазғы мектеп 2023 жылғы 5-16 маусым аралығында екі апта бойы жалғасады. Жазғы мектеп тыңдаушылары үшін халықаралық және ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары өкілдерінің, салалық ҒЗИ және өндірістік кәсіпорындадың білікті мамандары проблемалық-тақырыптық дәрістер ұйымдастырады. Әр бағытқа тәжірибелі ғалым кураторлар бекітілген.
«Осы он күн өте мазмұнды және қызықты болатынына сенімдімін және сіздер белгілі бір пәндер бойынша жақсы білім алып, болашаққа жаңа бірлескен жоспарлар жасайды деп үміттенемін. Жазғы мектеп жұмысына белсенді қолдау көрсеткені және қатысқандары үшін шетелдік әріптестерге,
ЖОО ректорларына, барлық ғалымдарға, басшылар мен мамандарға ерекше алғысымызды білдіремін», - деді А.Күрішбаев.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі
Фото М.Ботабеков