KazNARU

 АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айдарбек Сейпелұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған. Омбы ауылшаруашылығы институтын зооинженер мамандығы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «мемлекеттік басқару» бакалавры бойынша бітіріп, еңбек жолын ауылдағы шаруашылықтан бастаған, тәжірибесі өте мол білікті маман

✅ Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының басшысы, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министер болған.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келді.

✅  Айдарбек Сейпелұлы АШ бірінші вице-министрі болған жылдары өз құзіреті аясында ҚазҰАЗУ-мен де тығыз байланыс жасап, іргелі университеттің заман талабына сай жаңаша қалыптасып,  дамуына үнемі қолдау білідіріп отырды.

Мемлекет басшысының сеніміне ие болып, еліміздің экономикасының драйвері болып саналатын  аса маңызды буын – ауыл шараушылығы министрі болып тағайындалуымен құттықтаймыз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник