KazNARU

KazNARU студенттеріне «VTRENDE digital agency» компаниясының басшысы Қонақ дәріс өткізді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің И.В.Сахаров атындағы көлік техникасы және технологиялары кафедрасының ұйымдастыруымен 6 оқу ғимаратының дәріс залында «VTRENDE digital agency» компаниясының басшысы Жәнібек Әл-Таразидың «Логистика саласындағы маркетингтік құралдар» атты Қонақ дәрісі болып өтті.

✅ Жәнібек Әл-Тарази – маркетинг саласының белгілі сарапшысы, продюсер, жеке бренд құру бойынша танымал эксперт. Мамандығы журналист, маркетолог. Бүгінде «Vtrende» бренд агенттігінің директоры, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» бизнес-тренері. «Каспи», «BI групп», «Астана IT мектебі» компанияларында өз саласы бойынша көп жылдық тәжірбиесі бар.

✅ «Vtrende Digital – бұл сандық маркетинг және Веб-әзірлеу саласында қызмет көрсететін агенттік. Біз интернетте бизнесті дамытуға бағытталған кешенді шешімдер ұсынамыз, оның ішінде сайттар мен әлеуметтік желілерді әзірлеу, CRM жүйелерін енгізу және сайттарды техникалық қолдау көрсету бар. Толыққанды дайын бренд бизнестің цифрлық бейнесін жасауға және оның танымалдылығын арттыруға көмектеседі», - дейді компания басшысы.

✅ Логистика саласындағы маркетинг – бұл логистикалық қызметтерді нарыққа жылжыту, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және осы салада бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге бағытталған маркетингтік іс-шаралар жиынтығы.

Логистикадағы маркетингтің негізгі міндеттері: тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу, баға саясаты, қызмет көрсету сапасын жақсарту, жаңа нарықтарды игеру, коммуникация және жарнама туралы нақты мысалдар келтіріп тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды.

✅ Спикер бұл саладағы қызметтерді ілгерілету үшін цифрлық маркетинг, PR, әлеуметтік желілер мен басқа құралдарды пайдалану керектігін айтып, маркетингтік стратегиялар арқылы шығындарды азайтуға және компанияның табыстылығын арттыруға болатынын түсіндірді.

✅ Іс-шараға «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Л.Т.Әлдібаева, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Л.А.Мамаева, «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі Ә.Қ.Ниязбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен 2-3 курс студенттері қатысты.

✅ Қонақ дәрісі өте қызықты ауқымда өтті. Студенттер мен оқытушылар тарапынан цифрлық маркетинг арқылы ұйымдастыру және логистика бойынша сұрақтар қойылып, пірікталастар жүргізілді. Тақырыпқа қатысты бейнежазбалар мен презентациялар көрсетілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник