KazNARU

ҚазҰАЗУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУГЕ КӨМЕК БЕРЕТІН ЖАҢА ЭДВАЙЗЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Эдвайзер (Advisor) - тиісті білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының академиялық тәлімгері қызметін атқаратын, оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге жәрдемдесетін оқытушы.

Оның қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырып, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамындағы 33 эдвайзерге 36 сағат көлемінде біліктілігін жетілдіргені үшін сертификат табысталды.

Сертификаттарды ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызы табыстап, эдвайзерлердің жұмысына сәттілік тіледі және ары қарай оқу үдерісін жетілдіруге белсенділікпен атсалыса берулерін сұрады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник