KazNARU

ҚазҰАЗУ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚазҰАЗУ профессорлық-оқытушылар құрамы өткізетін сабақтардың сапасын бағалау үшін Басқарма Төрағасы – Ректор Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының бұйрығымен университеттің тәжірибелі оқытушылары мен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері арасынан тәуелсіз сарапшылар тағайындалды.

Бүгін Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызы тәуелсіз сарапшыларға сертификаттар тапсырып, университеттің барлық білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін өткізілетін сабақтардың сапасын бағалау бойынша алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник