KazNARU

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өз тарихында тұңғыш рет білім саласындағы табыстары үшін «Төрт жұлдызға» ие болды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет басшылығын және ұжымын осындай мәртебелі марапатпен арнайы құттықтап «Университеттің осы төрт жұлдызды алуы - ҚазҰАЗУ тарихындағы бұл тұңғыш жетістік. Бұған дейін ешқашан осындай марапат болған емес. Бұл бүкіл Қазақстан үшін өте жоғары мәртебе!» деп атап көрсетті.

QS Stars жоғары оқу орындары қызметінің кең ауқымын айқын көрсететін 50-ден астам көрсеткішті кешенді талдау және халықаралық стандарттарға сәйкестігін зерттеу негізінде саралау жұмысын жүргізеді.

Осылайша университеттер қызметін жетекші әлемдік Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігінің QS Stars бойынша бағалауы әлемнің көптеген елдерінің ең табысты және үздік жоғары оқу орындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Төрт жұлдыз «Білім беру», «Академиялық даму» және «Жұмысқа орналасу мүмкіндігі» санаттарында жоғары деңгей көрсеткен, халықаралық біліктілікке ие жоғары оқу орнына беріледі. Жалпы қазақстандық 130 жоғары оқу орнының ішінен QS рейтингісіне 32 университет қатысса, тек 4 ЖОО осы QS Stars рейтингісіне қатысуға мүмкіндік алды. Ал әлем бойынша 2000-ға жуық ЖОО қатысады.

Осындай жоғары наградаға ие болу ҚазҰАЗУ-дың өткен жылы жасаған іргелі реформаларының нәтижесі және білім беру бағдарламаларын, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді күшейту және университетті интернационалдандыру бойынша жетістіктерінің нақты көрсеткіші болып табылады.

ҚазҰАЗУ ұжымын халықаралық жоғары марапат - «Төрт жұлдыз» алуымен құттықтаймыз! Абыройымыз артып, мерейіміз үстем бола берсін!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник