KazNARU

ҚазҰАЗУ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖАПОНИЯДА КӨРСЕТІЛДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетініңәлемдік озық ғылыми-зерттеу ұйымдарыменбайланысы соңғы жылдары жаңа деңгейгекөтерілді. Университет ғалымдарының зерттеусаласындағы үздік инновациялық жетістіктері мен жобалары халықаралық ғылыми қауымдастықтыңда назарын аударуда.

Соның жарқын бір мысалы, 6-8 желтоқсанаралығында Жапонияның астанасында өткенFoodteach Japan Tokyo 2023 көрмесіне ҚазҰАЗУ «Тағам өнімдерінің технологиясы жәнеқауіпсіздігі» кафедрасының профессоры АсияСерикбаева көрме ұйымдастырушыларының жәнехалықаралық сарапшылардың оң бағасын алып, қатысып қайтты. 

Foodteach Japan Tokyo 2023 көрмесі – азық-түліктехнологиясы және кәсіпорындардыавтоматтандыру (оның ішінде, тағам өндіру, мейрамханалар мен кафелер) саласындағыАзияның жетекші бизнес-платформасы болыптабылады. Жыл сайын өткізілетін ірі шарағаәлемнің 90 елінен 3800 стенд қойылып, 3500-нан аса экспонаттар ұсынылады.  Жапония Азия елдеріарасындағы азық-түлік өнімдерінің 60%-ын импорт арқылы сатып алатын экономикасы дамыған еңозық мемлекет саналады.

«Көрменің Қазақстан павильонында ҚазҰАЗУ«Тағам өнімдерінің технологиясы жәнеқауіпсіздігі» кафедрасының осы бағыттағыинновациялық жобаларын таныстырдық, бұлжетістіктеріміз жапондық және басқа елдердіңғалымдары мен бизнес серіктестерініңқызығушылығын оятты. Осындай халықаралықүлкен көрмеге қатысуға қолдау көрсеткенуниверситет басшылығына алғысымыз шексіз», - дейді профессор Асия Серикбаева.

Көрме аясында тағам өнімдерінің технологиясысаласының жетекші ғалымдары мен іскертоптарының қатысумен 80-ге жуық түрлітақырыпта конференциялар ұйымдастырылды.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник