KazNARU

Erasmus + IMPROVE_AGRO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ҚОРТЫНДЫ КЕЗЕҢДЕ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Erasmus+ Рroject IMPROvE_AGRO’s: project discussions, conclusion and farewell
Халықаралық жобасының финалдық конференциясы басталды. 
2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін созылатын конференция аясында Erasmus+ 609563-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP Internationalizing Master Programs in Agriculture via English Medium Instruction (IMPROvE _AGRO) халықаралық білім беру жобасының нәтижелері талқыланады.

✅ Бұл жобаның қатысушылары – Моңғолияның ұлттық университеті, Моңғол өмір туралы ғылымдар университеті (MULS), Aristotel University Thessaloniki (Греция), Aston University (Англия), Freiburg University of Education (Германия), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Торайғыров университеті болып табылады.

Конференцияға қатысушылар алдыңғы болып өткен кездесулер мен конференциялардың нәтижелерін қорытындылайды, сол кезеңде әзірленген курстарды таныстырады және осы жобаның жұмыс пакеттерін нақтылайды.

✅ Сондай-ақ, ҚазҰАЗУ мен Моңғол өмір туралы ғылымдар университетінің арасында «Өсімдіктерді қорғау» бойынша жаңа магистрлік екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланады. 

✅ Торайғыров университетінің, Моңғол өмір туралы ғылымдар университетінің және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қатысушылары «Өсімдіктер биотехнологиясы» бойынша бірлескен магистрлік білім беру бағдарламасының жаңа жобасын таныстырады. 

✅ Осы білім беру бағдарламаларын іске асыру Erasmus+ 609563-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP Internationalizing Master Programs in Agriculture via English Medium Instruction (IMPROvE _AGRO) жобасының тұрақты дамуының кепілі болады және ЖОО-ларды интернационалдандыру жөніндегі қызметті іске асыруға зор ықпалы тиеді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі


---------Chatbot---------
виртуальный помощник