KazNARU

ҚазҰАЗУ мен SANA Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 

2023 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы және «SANA Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы - Бас директор Сержанов Бауыржан Еранұлының қатысуымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

✅  Қол қою рәсіміне SANA орталығының Басқарма мүшесі - Басқарушы директоры Кужбанов Азамат Бейсембайұлы, SANA орталығының Басқарма мүшесі - Атқарушы директоры Саликов Ринат Қанатұлы және ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы қатысты.

✅  SANA орталығының Бас директоры Бауыржан Сержановтың айтуынша, орталықтың миссиясы – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың перспективалық бағыттарын қамтамасыз ету болып табылады. 

«Мысалы, біз Мәскеу гуманитарлық университетімен, Ресей Халықтар Достығы университетімен және Түркияның жетекші ЖОО-ның бірі EGE университетімен берік серіктестік байланыс орнаттық. Сондай - ақ, біз Республикалық кәсіптік бағдарлау орталығын құрдық және осында талапкерлер мен студенттер үшін кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастырамыз, бітіруші сыныптарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз", - деп атап өтті Бауыржан Еранұлы.

✅  ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, бұл Меморандумның басты мақсаты – SANA орталығы ұйымдастыратын барлық халықаралық, республикалық және өзге де білім беру көрмелеріне қатысу мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту болып табылады. 

Оның ішінде Тараптар келесі бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға ниетті:
- Университеттегі жоғары білім берудің барлық деңгейлерінің мазмұны, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен жаңа оқу бағдарламалары бойынша жетістіктерді көрсету;
- жастарды Университетте оқытудың бағыттары мен формалары туралы ақпараттандыру;
- білім беру мекемесін, білім беру бағдарламаларын және шетелдік университет беретін мүмкіндіктерді таныстыру;
- тиімді ақпараттық ынтымақтастықты тереңдете жүргізу;
- Тараптардың өзара келісімі бойынша халықаралық көрмелерге және басқа да іс-шараларға бірлесіп қатысуы мен өзара қарым-қатынастардың басқа да түрлерін дамыту.

✅ «Бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында қос тарап өзара түсіністік қарым-қатынастардың теңдігін сақтайды және адал әріптестікті жүзеге асыра отырып, ортақ мүдделерді бірлесе қорғап, жобаларды жан-жақты насихаттайды", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі


​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник