KazNARU

БАЙЛЫҒЫМЫЗ ДА, БАҚЫТЫМЫЗ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК

2023 жылдың 14 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында кітапхана ұжымы мен Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қолдауымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер мен студент жастар қатысты.

✅ Дөңгелек үстелдің модераторы, Ғылыми кітапхананың директоры Азиза Айтуарова университетімізде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаумен қатар, студент жастардың толеранттылыққа, жоғары мәдениетке және әлеуметтік жауапты тұлға болып қалыптасуына көп көңіл бөлінетінін айта келіп, бүгінгі бас қосудың басты мақсаты – аға ұрпақ пен Тәуелсіздіктен кейінгі жас буынның өзара диалогын ұштастыру арқылы патриотизмді дамыту екенін атап өтті.

✅ Есте қаларлық жүздесу тарихқа шолудан басталды: еліміздің 32 жылда қол жеткізген табыстары, әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық дәстүрлерінің жаңғыруы және қалыптасуы, Желтоқсан оқиғасына байланысты бейнероликтер көрсетілді.

✅ «Ветеринария» факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Туребеков О.Т., «Агробиология» факультетінің «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының оқытушысы,а.ш.ғ.к., профессоры Балғабаев Ә.М., «Жер, су және орман ресурстары» факультетінің «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Абаева К.Т., «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің оқытушысы, э.ғ.д. Шалғынбаева К.Б., «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің «Зооинженерия» кафедрасының оқытушысы, а.ш.ғ.д., профессоры Сәмбетбаев Ә.Ә., «Агробиология» факультетінің аға оқытушысы, б.ғ.м., желтоқсан оқиғасына қатысушы Есиркепов У.Ш. өздерінің өмір жолдары, жеткен жетістіктерін ортаға салып, сол жетістіктерінің бәрі Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асырылғанын жеткізді.

✅ Айта кету керек, биылғы жылы университет басшылығының тікелей қолдауымен талантты жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің жан-жақты терең білім алуы мақсатында оқу корпустары, аудиториялар қажетті құрал-жабдықтармен, парталармен, офистік жиһаздармен жаңадан жабдықталды.

Соның ішінде, Ғылыми кітапхананың материалдық-техникалық базасы да жөндуден өткізіліп, залдары жаңғыртылып, заманауи жаңа кітап сөрелері мен шкафтар сатып алынды. Оқу-іздену барысында пайдалану мақсатында көптеген ғылыми-танымдық кітап қорларымен толықтырылды. Қазіргі күні оқырмандар үшін 1070041 дана кітап ұсынылады.

✅ Іс-шара соңында «Ветеринария» факультеті мен «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің студенттері өздерінің Тәуелсіздік туралы ойларымен бөлісіп, мерекеге арналған күйлері мен әндерін орындады.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник