Жақсылық жасап жарысайық!
2023 жылдың 10-шы желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Биотехнология», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламаларының БТ-20-03К және ТПП-20-07П 4 курс топ студенттерімен және топ тәлімгері Әметова Меруерт Мәлікқызының ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан «СЕНІМ» Әлеуметтік қызмет орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерін мекеме рұқсатымен, тәрбиеші және медбикесімен бірге ойын-сауық орталыққа апарып, балалардың көңіл-күйлерін аулап қайттық.
Тәрбиеші Назарова Куляш Тузеловна өз ризашылығын білдіріп, осындай сауапты істер жасау жастар арасында көбейгенін және оған қуанышты екенін айтты.
Жетім көрсең - жебей жүр, - деп қазақ ата-бабамыз бекер айтпағанын сол күні тереңінен ойлап, жүректі, адамдарды мейірімділікке үнемі шақырып отыру керек екендігін түсінген және тәрбиелік мақсаты орындалған сауапты іс болды.