ҚР ҰҒА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
2023 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры, академик Ақылбек Күрішбаев Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы Вадим Хоменкомен кездесті.
Кездесу аясында академиялардың одан әрі ынтымақтастығын дамыту және алдағы кезеңде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті ғылыми міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл жоспарларын қабылдау мәселелері талқыланды.
Татарстан ғылымына танымал Хоменко Вадим Васильевич елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысқан белгілі экономист. Сонымен бірге ол ТР ғылым академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының Органикалық ауыл шаруашылығы және экологиялық таза өнім орталығының директоры болып істейді.
Ғалым академиясында келесі бағыттар бойынша: аграрлық өндірісті цифрландыру, жергілікті жоғары өнімді сорттарды өсіру мақсатында селекция жасау, қауіпсіз биологиялық препараттарды, жемшөп қоспаларын әзірлеу, жергілікті цеолиттерді пайдалану және т.б. бағдарламаларды үйлестіреді.
Өз сөзінде Владимир Хоменко Татарстан Республикасының табысты инвестициялық орталықтары туралы ой бөлісіп, оның ішінде Ресейдегі ең ірі жобалардың бірі Кама инновациялық - өнеркәсіптік кластері туралы айтып өтті. Топырақтың биологиялық белсенділігін арттырудағы биопрепараттардың рөлі, жерді өңдеу технологиясы, климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында агроөнеркәсіп үшін мелиорацияны кешенді дамыту және басқа да мәселелерді қозғады.
Өз кезегінде, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев Татарстанның ауыл шаруашылығы инвестициялық жағынан тартымды өңір екенін атап өте отырып, инновациялық бірлескен инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға және ауыл шаруашылығында ғылыми зерттеулер жүргізуге шақырды.
«Біз сіздермен ынтымақтастығымызды кеңейтуге әзірміз. Қазақстан мен Татарстанның ғылыми және академиялық қоғамдастығы ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары саласындағы іргелі ғылыми орталықтарды құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсартуға және екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылыми негізделген ұсынымдар беруге ықпал етуі тиіс», - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.
Кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық, ҚазҰАЗУ мен Татарстанның жетекші жоғары оқу орындары – Қазан мемлекеттік аграрлық университеті және Н.Э. Бауман атындағы Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясымен әріптестік орнату мәселелері талқыланды.
«ҚазҰАЗУ базасында халықаралық бағдарламаларды дамыту үшін әлеует жеткілікті, сонымен қатар, әлемнің белгілі университеттерінде бір мезгілде оқу арқылы түлектердің екі диплом алуына мүмкіндіктер жасалуда. Болашақта бұл мәселені Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің басшылығымен бірге талқыласақ деген ұсынысымыз бар», - деді университет басшысы.
Кездесу соңын
да Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ шешімге келді және ғылыми зерттеулердің бағыттарын үйлестіруге, қажетті ақпаратпен үнемі алмасуға, бірлескен ғылыми-зерттеу, өндіріске енгізу топтарын құру жұмыстарын қосымша талқылуаға келісті.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.