KazNARU

Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының кәсіби бағдар жұмысы

  1. Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры Козыкеева Алия Шу қаласындағы     10- колледжде кәсібі бағдар жургізуде
  2. 12.01.2024 ж.  Қарасай ауданы Көкөзек, Исаево, Қаратөбе, Жармұхамбет ауылдарындағы орта мектептерге және Алатау ауданы Рахат ауылындағы орта мектепке кәсіби бағдар жұмыстарын Жанымхан Құрманбек және Әуелбек Ермек жүргіздік
  3. Алматы қ., Өжет ықшам ауданы, 156-ЖББ мектепте, Су ресурстары және мелиорация кафедрасының аға оқытушысы, Рыскулбекова Лаура Молдахановна бес 11-сынып оқушыларымег кәсіби бағдар жұмысын жүргізді, тізімдерін алдым.
  4. Қаңтар айының 18-19 күндері қауымдастырылған профессор М.С.Набиоллина мен А.Р. Вагапова Алатау ауданында Шаңырақ ықшам ауданында орналасқан 169 және 26 мектептерге барып кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Видеоролик көрсетілді. Мектеп оқушылары қызығушылық танытты. Университетте ашық есік күндері ұйымдастырылса келіп көргілері келетіндерін айтты. Ұл балалар тарапынан көбірек сұрақтар қойылды, әскери кафедра, қос диплом бағдарламасы бойынша ұмтылыс байқалды. Қыз балалардың көбі педагогикалық және медициналық университетке мақсатты дайындалып жатқандарын жасырмады, дегенмен берілген информация түсінікті болғанын алғыстарымен білдірді.
  5. 23 қаңтар күні «ҚазҰАЗУ мен Үшқоңыр су шаруашылығы колледж арасындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  «Су ресурстары және мелиорация», «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессорлары мен окытушылары және колледждің инженер педагогтары қатысты. Дөңгелек үстелде колледж бен университет арасындағы ынтымақтастық, қарым-қатынас мүмкіндіктері талқыланды. Соңынан бітіруші студенттермен  кездесіп, кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізіп қайттық
---------Chatbot---------
виртуальный помощник