KazNARU

KazNARU ӨЗ ТАРИХЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕР МЕН СЕРЖАНТТАР ДАЙЫНДАП ШЫҒАРДЫ

Жоғары оқу орнына түскен әрбір жастың арманы – жан-жақты терең білім алумен қатар, Отан алдындағы борышын өтеуге мүмкіндік беретін әскери мамандықты қоса алып шығу екені заңдылық. Алматы қаласында мұндай алғашқы әскери дайындықтан өткізе алатын 7 ЖОО ғана бар.

✅ Солардың бірегейі – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.

✅ Әскери кафедраның меңгерушісі, отставкадағы полковник Еркін Әділбековтің айтуынша, құрылған уақыттан бергі 78 жыл ішінде кафедра 60 мыңнан астам запастағы офицерлер мен кіші командирлер (сержанттар) дайындап шығарды.

«Бұл аса маңызды, әрі жауапты мемлекеттік іс. Бүгінде 2 оқу корпусымыз, 732 курсантқа арналған 20 арнайы жабдықталған аудитория мен жауынгерлік оқытуға арналған заманауи көлік және бронетанктік техника, азық-түлік қызметінің техникасы мен жауынгерлік оқу-жаттықтыру қаруларымыз бар. Бізге келіп, оқуға түскен студенттердің болашағы өте зор. Олар экономика мен ауыл шаруашылығында ғана емес, өз тілектері бойынша әскери салада, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде, Ішкі істер министрлігі мен Прокуратура саласында да жауапты қызметтер атқару мүмкіндігіне ие бола алады», - дейді Еркін Қорабайұлы.

✅ Курсанттар кафедрада 9 әскери мамандық бойынша оқытылады. Атап айтқанда: «Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру»; «Азық-түлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру»; «Тамақ өнімдерінің технологиясы және тауартану»; «Ветеринариялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» сияқты т.б. мамандықтарды меңгеріп шығады.

✅ Мемлекеттік грантпен түскендер тегін оқиды. Ал, ақылы негізде түскен студенттер белгіленген тариф бойынша төлем жасап, оқи алады.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеуді жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес, іріктеу комиссиясы конкурстық негізде жүргізеді.

✅ Өтініш беру және медициналық тексеруден өту мерзімі – әр жылдың 01 ақпан мен 25 мамыр аралығы.

✅ KazNARU қабырғасында білім ала жүріп, офицер немесе сержант атанғысы келетін талапты жастар мен қыздарға есігіміз әрқашан ашық!

Біздің университетті таңдау арқылы – жастар өз болашағын таңдайды!

KazNARU Баспасөз қызметі.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник