Білім беру бағдарламаларын талқылау және оңтайландыру бойынша жұмыс берушілермен бірлескен дөңгелек үстел
09.02.2024 ж. «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының ұйымдастыруымен, Білім беру бағдарламаларын талқылау және оңтайландыру бойынша жұмыс берушілермен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты: оқу бағдарламаларын талқылап, мамандарға қойылатын талаптар негізінде сүранысқа ие кадрлар даярлау және тиісті білім жүйесін қалыптастыру болды.
Кафедра меңгерушісі Ф. Токтасынованың бастамасымен және кафедраның қауымдастырылған профессорлары Байбатшанов М.К., Жилкибаева Э.С. кездесу барысында кафедраның 6В08302, 7М08302, 8В08302 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6В08301, 7М08301, 8В08301 - «Аңшылықтану және аң шаруашылыгы» білім беру бағдарламасы жэне 6В08303 - «Ағаш өңдеу негіздері мен орман ісі», 61:108304 - «Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламалары бойынша пәндерімен таныстырды.
Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Адилбаев С.Б., «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі директоры Нурабилов Т.А., "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы" басшысы Сатимбаев Б.З., «Қазақ орман шаруашылығы кәсіпорны» РМК директоры Баймухамбетов С.С., Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиологиялық алуан түрлілік бөлімі бастығы Усербаева С.А., «Охотзоопром» «ӨБ» РМҚК қызметкері Акоев М.Т., «Stamp service» ЖШС директоры Шуаков Б.С., білім беру бағдарламасының мазмұнымен толықтай танысып және де осы мекемедегілердің қызметкерлерінің барлығы Қаз¥АЗУ-де білім алып шыққандарын жеткізіп «Орман ресурстары аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасымен тығыз байланыста екенін айтып, университет басшыларына алғысын білдірді.
Сонымен қатар, студенттерді кәсіби практикаға жіберер кезде, практика өтетін уақыт орман шаруашылықтарында жүргізілетін іс-шаралардың уақытымен сәйкес бекітілуі тиіс екенін бір ауыздан айтып кетті.
Жүмыс берушілердің сүраныстарын ескере отырып, 2024-2026 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламасының пәндері қайта қаралды.