Наурызнама онкүндік аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күніне орай» АГ-20-01,АГ-20-02 топ студенттері Талғардағы “Нұр” отбасылық балалар үйіне барып қуаныш сыйлап қайтты.
Наурызнама онкүндік аясында 15 наурыз «Қайырымдылық күніне орай» АГ-20-01,АГ-20-02 топ студенттері Талғардағы “Нұр” отбасылық балалар үйіне барып қуаныш сыйлап қайтты.
“Нұр” балалар үйінде барлығы 4 пен 16 жас аралығында 36 жетім тәрбиеленуде. Түрлі сыйлықтар мен тәтті алып, балаларға базарлық жасаған студент жастар балалармен жылы сөйлесіп, көңілдерін көтеруге тырысты.
“Нұр” балалар үйінің директоры Тұяқ Қаскенқызының айтуынша, қазір перзенттерін асырай алмай жүрген ата-аналар көбейіп кеткен. Осы кезге дейін 950 баланы тәрбиелеп шыққан. Көбісі “ата-ана құқығынан айрылып қаламыз” деп балалар үйіне өткізуден қорқады, сондықтан осындай әлеуметтік үйлерге уақытша өткізеді. Қазір бұл “Нұр” отбасылық үйінде әкесі жоқ, не болмаса қос бірдей ата-анасы жоқ, артынан тіпті іздеушісі жоқ бүлдіршіндер, әке-шешесі ішімдікке салынып кеткендер, айта берсе осы 36-қа жуық баланың 36 түрлі тағдыры бар.
Сондықтан, жабырқаған жетімдердің жанына желеу болсақ деген студенттер “Елімізде жетім балалар болмаса екен...” деген тілектерін жүректеріне түйіп қайтты.
Топ кураторы Барлыкова Н.А.