KazNARU

16 наурыз - «Мәдениет және үлттық салт-дәстүр күніне» орай Ә.Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейіне экскурсия

Физиология, морфология және биохимия кафедрасының 10-күндік Наурызнама жоспарына сай, Физиология, морфология және биохимия кафедрасының  оқытушысы Ж. Өтебаев 6В09101-ветеринариялық медицина мамандығында оқитын 21-07Р топпен Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсияға барды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған.

1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

Бүгінгі таңда мұражай қорында 22 000-нан аса экспонаттар жинақталған. Әлемдік және ұлттық мәдени құндылықтарымыз мұражайдың 14 залына іріктелініп қойылған.

Халқымыздың ұлттық мұрасы болып табылатын сәндік-қолтанбалы өнері қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық дәстүрлі қолөнерімен, даму сатысымен таныстырады. Бұл қойылымда көшпелілер мәдениетін барынша сипаттап көрсететін қолөнер кәсібінің көптеген түрлері: кестелеу, тоқыма бұйымдары, ағаштан және сүйектен өңдеп жасаған заттар, түскиіздің түрлері, аттың ер-тұрмандары, зергерлік бұйымдары ерекше көзге түседі.

"Қазақстан бейнелеу өнері" залында республикамызда ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ә.Қастеев, И.Исмаилов, А. Черкасский, Л. Леонтьев, К. Тельжанов, А. Галимбаева, С. Мәмбеев, Х. Наурзбаев, А. Айтбаев, А. Садыханов, Е. Мергенов, Т. Тоғысбаев сияқты суретшілердің туындылары қойылған.

"Кеңес Одағы кезеңіндегі өнер" залындағы туындылар әртүрлі үлгіде жазылған және стилистік бағыты - социалистік шындықтан абстрактілі полотноға дейін баяндалған. Оның атақты қылқалам шеберлері: П. Филонов, П. Кузнецов, К. Редько, О. Розанова, С. Сарьян, У. Тансықбаев, С. Коненков, М. Асламазян, Г. Айтиевтардың туындылары ерекше назар аудартады.
Ал орыс өнері қойылымында ХІІІ-ХХ ғасырларда жасалынған, ежелгі орыс өнерінің кейінгі, соңғы кезеңіне жататын еңбектерімен таныса аламыз. Орыс өнері жинағында Ф. Рокотова, Д.Левицкий, К.Брюллов, И.Репин, И.Крамскийдің туындылары ұсынылады.

Мұражайда Батыс еуропа елдерінің тамаша қойылымдарымен де танысуға болдады. Экспозицияда ХVІ-ХІХ ғасырдағы Италия, Фламандия, Голландия, Германия. Франция елдерінде көркемсурет мектептерін ұйымдастырушы өнер шеберлерініңи туындылары жинақталған. Атап кетер болсақ: Камбиазо, Саверея, Дюге, Остаде, Коро, Добиньи, Гудона, Куазево сияқты атақты қылқалам шеберлері.

Шығыс халықтарының қолтанбалы өнер қоры Қытай, Жапон, Үндістан, Корей елдерінің, сондай-ақ дүнген, ұйғыр, тибет халықтарының қолөнер бұйымдарынан жинақталған. Олар қола, тас, ағаш, фарфор, лакталған, эмальмен сыланған, кестеленген бұйымдардан құралады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник