KazNARU

Сейсмикалық жаттығулар

ㅤㅤ27 наурыз күні сағат 10.00-де әкімшілік қызметкерлер, оқытушылар және студенттер «Жер сілкінісі мен өрт қаупі жағдайында қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеті» сейсмикалық жаттығуларына қатысты.

ㅤㅤАлматы қаласы Медеу ауданының ТЖ басқармасының жоспарына сәйкес жаттығулар ҚазҰАЗУ Азаматтық қорғаныс және ТЖ бөлімі мен Қауіпсіздік қызметі бірлесіп өткізді.

ㅤㅤУниверситеттің барлық ғимараттарындағы адамдар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа көшірілді.

ㅤㅤАзаматтық қорғаныс және ТЖ бөлімінің бастығы Ерлан Молдағұлов азаматтар жер сілкінісі немесе өрт қаупі төнген жағдайда ТЖ тәуекелдеріне және қатаң эвакуациялау шараларына дайын болуы тиіс екенін түсіндірді.