KazNARU

Мектеп бітірушілердің таңдауы – KazNARU

ㅤㅤ19 наурыз күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік–техникалық» және «Бизнес және құқық Жоғары мектебі» факультеттерінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында Алматы облысының Есік қаласында «Ашық есік» күні өткізілді.

ㅤㅤНегізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру. Мектеп бітірушілерге университет туралы ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды.

ㅤㅤБұл маңызды кездесуге аудандық білім бөлімі мен мектептердің профориентолог мамандары белсенділікпен қолдау көрсетті. Дереккөз